Ashyq бағдарламасына қанша адам тіркелді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ashyq бағдарламасына қанша адам тіркелді? Фото: elements.envato.com

Ashyq қосымшасында қанша адам тіркелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ashyq қосымшасында қанша адам тіркелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, бүгінде Ashyq қосымшасын 235 мың қолданушы жүктеген. 

"Пилоттық режим нәтижесі бойынша, бүгінде Ashyq қосымшасын 235 мың қолданушы жүктеген. Пилоттық режимге 619 нысан қатысты. Оның ішінде, фитнес-клубтар, йога, СПА орталықтары, бассейн, компьютер клубтары бар. Жалпы жоба басталғалы 560 адамның статусы "қызыл" болды", - деді Әсет Тұрысов онлайн-брифингте. 

"Бәріне міндетті ме?" Ashyq туралы маңызды 5 сұраққа жауап

Еске салайық, коронавирусқа қарсы вакцина салғызған қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-коды болатыны туралы 2 ақпанда хабарланған болатын. Ол "Ашық" медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады.

Ashyq қосымшасы бойынша пилоттық жобаның бірінші кезеңі 17 қаңтарда Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында жүзеге асырыла бастаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 481.88   556.79   5.72 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 10
Астана -3
Актау 16
Актобе 3
Атырау 7
Б
Балхаш 3
Ж
Жезказган -2
К
Караганда 1
Кокшетау -2
Костанай 11
Кызылорда 1
П
Павлодар 1
Петропавловск -1
С
Семей 8
Т
Талдыкорган 10
Тараз 13
Туркестан 1
У
Уральск 0
Усть-Каменогорск 13
Ш
Шымкент 4

 

Редакция Реклама
Социальные сети