Нұр-Сұлтанда қандай жағдайда карантин толықтай алып тасталатыны анықталды

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда қандай жағдайда карантин толықтай алып тасталатыны анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада карантин шаралары қалай алынатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада карантин шаралары қалай алынатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол карантин талабын жеңілдету үшін коронавирусты жұқтыру өсімі 7 пайыздан аспауы керегін атап өтті.

"Қазақстан бас санитар дәрігерінің кеңесі бойынша өңірлерде және Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусты жұқтыру өсімі 7 пайыздан аспаса карантин шаралары алына бастайды. 8 мамыр күні қалада індетті жұқтыру көрсеткіші 7,1 пайыз болды. Сондықтан 9-16 мамыр аралығында коронавирусты жұқтыру өсімі 7 пайыздан аспаса, каратин талабын жеңілдетудің бірінші кезеңі басталады", - деді ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кейін 7 күн бойы індетті жұқтыру өсімі 5 пайыздан аспаса, каратин талабын жеңілдету екінші кезеңге өтеді. 

"Сонымен қатар, 7 күн бойы коронавирусты жұқтыру өсімі 2 пайыздан аспаса, каратин талабын жеңілдетудің үшінші кезеңі басталады. Мен карантин талабын жеңілдету жоспардағыдай жүзеге асқанын қалаймын. Сондықтан барлығымыз сақтық шараларын ұмытпауымыз керек", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Айта кетейік, осыған дейін Сәуле Қисықова COVID-19 жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты.

Сондай-ақ, елордада 2 науқас аурудан көз жұмды.

Қазақстан COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 5 689-ге жетті. 2 558 науқас айықты, 34 адам қайтыс болды.

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 481.88   556.79   5.72 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 18
Астана 5
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 14
Ж
Жезказган 9
К
Караганда 10
Кокшетау 8
Костанай 18
Кызылорда 7
П
Павлодар 7
Петропавловск 6
С
Семей 17
Т
Талдыкорган 16
Тараз 25
Туркестан 10
У
Уральск 7
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 11

 

Редакция Реклама
Социальные сети